Мақалалар
Барлық мақаланы көру
Барлық глоссарийді көру
Танымал тақырыптар
TradFi
Stocks
Economics
Танымал мақалалар
What Are bStocks? A Guide to Tokenized Stocks on Binance
What Is Binance Stocks Trading?
What Is Bitcoin (BTC)?
Курстар
Academy
AI құлпы ашылды: агенттер мен дағдылар
Аралық курс
Бастауыш трек
Жаңадан бастаушыларға арналған ончейн талдау
Криптовалюта тәуекелдерін басқару
Үйрену және табыс табу
Серіктестік
Институттар
Оқушы амбассадоры
Қазақша
Мақалалар
Барлық мақаланы көру
Барлық глоссарийді көру
Танымал тақырыптар
TradFi
Stocks
Economics
Танымал мақалалар
What Are bStocks? A Guide to Tokenized Stocks on Binance
What Is Binance Stocks Trading?
What Is Bitcoin (BTC)?
Курстар
Academy
AI құлпы ашылды: агенттер мен дағдылар
Аралық курс
Бастауыш трек
Жаңадан бастаушыларға арналған ончейн талдау
Криптовалюта тәуекелдерін басқару
Үйрену және табыс табу
Серіктестік
Институттар
Оқушы амбассадоры
Тақырып
Қазақша
Қазақша
Криптовалюта сөздері
Тілді түсіну уақыты келді
#
A
B
E
F
G
H
I
L
M
O
S
T
W
Z
#
51%-дық шабуыл
Көпшілік шабуылы ретінде де белгілі. Бір майнер немесе майнерлер тобының желідегі майнинг хэшрейтінің немесе есептеу қуатының 50%-дан астамын басқаруы.
«Алмас уыс»
Diamond hands – қаржылық активтің құбылмалылығына қарамастан, оны сатпай ұстап тұру дегенді білдіреді.
«Бұқа жалауы» паттерні
Бағаның күрт жоғары көтерілуіндегі қысқа үзіліс, көбінесе, бағаның одан әрі көтерілуіне әкеледі.
«Сарафандық радио» протоколы
Таратылған жүйедегі асинхронды тең деңгейлі байланыс әдісі.
«Қара аққу» оқиғасы
Ауқымды салдар тудыратын күтпеген оқиға.
Активтерді сатып алу және сату
Бір актив бойынша әртүрлі бағаның артықшылығын пайдалану үшін әртүрлі нарықтарда активтерді сатып алу және сату.
Алтын крест
Қысқа мерзімді жылжымалы орташа көрсеткіш ұзақ мерзімді көрсеткіштен жоғары көтерілген кезде пайда болатын бұқалық график үлгісі.
Альткоин
Биткоинға балама криптовалюта. Биткоин болып табылмайтын криптовалюталарды сипаттау үшін қолданылады.
Арту тенденциясы бар нарық
Нарық бағаларының оң тренді. Ол криптовалюта кеңістігінде ғана емес, дәстүрлі нарықтарда да кеңінен қолданылады.
Аюлық ту үлгісі
Көбінесе бағаның одан әрі төмендеуіне әкелетін күшті төмендеу тренді кезіндегі үзіліс.
Ақша нарықтары
Адамдар мен мекемелер қазынашылық вексельдері мен депозит сертификаттары сияқты қысқа мерзімді қаржы құралдарымен сауда жасайтын орындарда.
Бағалы қағаздар және биржа бойынша комиссия (SEC)
Бағалы қағаздар нарығын реттеуге жауапты тәуелсіз мемлекеттік мекеме.
Бақылау тегі
Binance жоғары құбылмалылық пен тәуекелге ие активтерді басқа токендермен салыстырғанда жіктеу үшін қолданатын бақылау тегі.
Бекітілген валюта
Құны басқа валюта, тауар немесе валюталар себетінің құнына байланыстырылған валюта.
Белсенді басқару
Пайда табу үшін индекс немесе нарық көрсеткішінен жоғары нәтиже көрсету мақсатында қор менеджерлері қолданатын инвестициялық стратегия.
Бета (коэффициент)
Бегілі бір портфельдің немесе нарықтық индекстің құбылмалығымен салыстырғанда активтің құбылмалығын өлшеу үшін қолданылатын құрал.
Биржа
Пайдаланушылар монеталарды сатып ала және сата алатын криптовалюталарға арналған нарық алаңы.
Блок сыйақысы
Блокчейн протоколы криптовалюта майнерлерін әрбір сәтті өндірілген және расталған блок үшін марапаттайтын монеталар сомасы.
Блок тақырыбы
Ішінде метадеректер мен блоктың транзакцияларының жиынтығы бар блоктағы бөлім. Бұл – майнинг жасау кезінде хэштелетін ақпарат.
Блок шолғышы
Пайдаланушыларға блоктар, транзакциялар, баланстар және транзакциялар журналы туралы ақпаратты қарап шығуға мүмкіндік беретін онлайн блокчейн веб-парақшасы.
Блокчейн
Хронологиялық тәртіпте криптовалюта туралы транзакция ақпаратын жазатын орталықтандырылмаған, цифрланған тіркеуші.
Боллинджер сызықтары
Нарық құбылмалылығын өлшейтін техникалық талдау индикаторы. Ол екі бүйірлік сызықтан және қарапайым жылжымалы орташа көрсеткіштен тұрады.
Бүркемелі шабуыл
Желідегі тең деңгейлі қатысушылардың көпшілігі зиянды болып, белгілі бір түйіндердің адал түйіндерден ақпарат алуына жол бермеу үшін желіні монополиялаған жағдай.
Бұлт
Информатикада интернет арқылы бірнеше пайдаланушы қолдана алатын ресурстардың ортақ пулы.
Газ
Смарт келісімшарт операциялары мен транзакция алымдары шығындарын есептейтін баға белгілеу механизмі.
Ең жоғарғы (ATH)
Актив өз сауда тарихында бұрын-соңды қол жеткізген ең жоғары баға.
Жалпы құлыпталған құн (TVL)
Жалпы құлыпталған құн (TVL) – орталықтандырылмаған қаржы қызметтері (DeFi) протоколында құлыпталған активтердің жалпы құнын өлшейтін криптовалюта индустриясында кеңінен қолданылатын көрсеткіш.
Жария кілт
Жария кілт – хабарламаларды шифрлау немесе цифрлық қолтаңбаны растау үшін пайдаланылатын кілттер жұбының жартысы. Криптовалюта кеңістігінде ол сіздің әмияныңыздың мекенжайы ретінде жұмыс істейді.
Жарыс шабуылы
Расталмаған төлемдерді қабылдайтын саудагерді алдау үшін екі қарама-қайшы транзакцияны желіге тарататын, қаражатты екі мәрте жұмсау әрекеті.
Жеке кілт
Криптовалютада жеке кілт – пайдаланушыларға транзакцияларға қол қоюға және қабылдау мекенжайларын жасауға мүмкіндік беретін ұзын сан.
Жобалау ақауына негізделген шабуыл
Зиянды пайдаланушы белгілі бір ақауларды біле тұра, шектеусіз ортада әрекеттесетін адамдарды алдау мақсатында смарт-келісімшартты, орталықтандырылмаған нарықты немесе басқа бағдарламалық жасақтаманы әдейі жасайтын шабуыл.
Жоғары жиілікті сауда (HFT)
Секундтың үлесі ішінде үлкен көлемдегі тапсырыстарды орындауды қамтитын алгоритмдік сауданың түрі.
Жұмсалмаған транзакция шығысы (UTXO)
Транзакция барысында жасалған және қаражатты жұмсау үшін болашақ транзакцияда сілтеме жасалуы тиіс шығыс.
Заңсыз жолмен алынған кірісті заңдастырумен күрес (AML)
Заңсыз немесе күмәнді әрекеттерден алынатын қаражат ағынын барынша азайту және шектеуге арналған құқықтық және нормативтік процедуралардан тұратын құрылым.
Инвестициядан алынған пайда (ROI)
Инвестицияның тиімділігін бағалау үшін қолданылатын көрсеткіш. Таза пайда мен таза шығын арасындағы арақатынас.
Кіріс фермерлігі
Кіріс фермерлігі – DeFi қызметіндегі тәуекелі жоғары тәжірибе, мұнда инвесторлар сыйақылар немесе пайыздар алу мақсатында өтімділікті қамтамасыз ету, несие беру немесе стейкинг жасау үшін активтерді құлыптайды.
Консенсус алгоритмі
Консенсус алгоритмдері – блокчейн желісіндегі әртүрлі компьютерлерге, тіпті олардың кейбіреулері әділ ойнамаса да, ненің шын екеніне қатысты келісімге келуіне көмектесетін механизмдер.
Копитрейдинг
Копитрейдинг – бұл тәжірибелі инвесторлардың табысты саудасын қайталау үдерісі.
Крипто-ETF-тер
Крипто-ETF-тер инвесторларға криптовалюталарды тікелей иеленбей-ақ немесе басқармай-ақ олардың баға қозғалысына қатысуға мүмкіндік береді.
Криптовалюта
Тең деңгейлі (P2P) экономикалық жүйесінде айырбастау құралы ретінде жұмыс істеу үшін криптографиямен қорғалған цифрлық валюта.
Ласпейрес индексі
Уақыт өте тауарлар себеті құнының өзгеруін бақылау үшін қолданылатын құрал.
Лимиттік тапсырыс
Активті көрсетілген немесе одан да жақсырақ бағада сатып алу немесе сату тапсырысының түрі.
Майшам
Белгілі бір кезеңдегі ашу, жабу, жоғары және төменгі нүктелерді көрсететін баға әрекетінің графиктік көрінісі.
Мекенжай
Белгілі бір әмиянның блокчейндегі орнын белгілейтін мәтін жолы. Көбінесе жария кілттің хэштелген нұсқасы.
Метадеректер
Басқа деректер туралы ақпаратты, мысалы, белгілі бір транзакцияның мүмкіндіктері туралы ақпаратты қамтитын деректер.
Метағалам
Метағалам – көпшілік болашақ цифрлық тәжірибелердің негізгі элементі болады деп санайтын, тұрақты, онлайн, 3D виртуалды орта тұжырымдамасы.
Монета
Құнды айырбастау үшін қолданылатын, кез келген басқа платформаға тәуелсіз криптовалюта немесе цифрлық қолма-қол ақша.
Монета саясаты
Елдегі ақша қоры мен пайыздық мөлшерлемелерді бақылау үшін биліктің құратын және қабылдайтын саясатын білдіреді.
Мультиқолтаңба
Транзакцияны желіге таратпастан бұрын басқа тараптың рұқсатын талап ететін әмиян.
Мун (Moon)
Криптовалютаны немесе нарықтың күшті тенденциясын бастан кешіретін басқа активті сипаттау үшін қолданылатын ауызекі өрнек.
Мәжбүрлі ликвидация
Трейдердің левередж қолданылған позициясы қажетті маржа талаптарын орындамағандықтан мәжбүрлі түрде жабылатын жағдай.
Нарық динамикасы
Белгілі бір нарықтың белгілі бір уақыт аралығында бағаның тұрақты өсуін немесе кемуін ұстап тұру мүмкіндігі.
Нарықтық тапсырыс
Тейкердің тапсырыстар кітабында қолжетімді баға мен мөлшерді ескере отырып, криптовалюта үшін ең жақсы қолжетімді сұранысты немесе ұсынысты таңдауы.
Нарыққа тікелей қол жеткізу (DMA)
Инвесторларға брокерлерді тартпай-ақ тапсырыс кітаптарына тікелей қол жеткізуге мүмкіндік беретін технология.
Негізгі желі
Транзакциялар таратылатын, тексерілетін және жазылатын жерде толығымен әзірленген және орналастырылған блокчейн протоколы.
Негізгі талдау (FA)
Активтің ішкі құнына жету әрекеті ретінде оның негізгі сипаттамалары мен белгілеріне негізінде активті бағалау.
Нонс
Бұрынғы транзакциялардың қайталануын болдырмау үшін растау мақсатында жасалатын бір реттік еркін жол немесе сан.
Нүктелік сызба
Әрбір деректер нүктесі нүкте ретінде көрсетілетін қарапайым диаграмма түрі.
Облигация
Қарыз алушыға, әдетте бизнеске немесе үкіметке берілген кредитті білдіретін тұрақты кірісті инвестиция түрі.
Орталықтандырылмаған автономды ұйым (DAO)
Орталықтандырылмаған ұйым қандай әрекеттер жасайтынын анықтайтын қатаң бағдарламаланған ережелер жүйесі.
Орталықтандырылмаған индекстер
Орталықтандырылмаған индекс – бұл орталықтандырылмаған биржаларда сатылатын бірнеше криптовалютаның немесе цифрлық активтердің тиімділігін бақылайтын инвестициялық құралдың бір түрі.
Орталықтандырылмаған қаржы (DeFi)
Блокчейн желілері негізінде әзірленген орталықтандырылмаған қаржылық қолданбалардан тұратын экожүйе.
Орталықтандырылмаған қолданба (DApp)
DApp – орталық дерекқорда емес, компьютерлердің P2P желісінде жұмыс істейтін қолданбалар. Пайдаланушылар криптовалюта әмияндары арқылы DApp қолданбаларына еркін қосыла алады.
Орталықтандырылған биржа
Жоғары өтімділігімен, озық сауда құралдарымен және тәуекел факторларымен танымал дәстүрлі крипто нарықтары – орталықтандырылған биржалар әлемін түсініңіз.
Офлайн сақтау
Тәуекелдерді азайту үшін цифрлық активтерді офлайн сақтау тәжірибесі.
Офчейн
Негізгі блокчейннен тыс орындалатын процестер мен транзакциялар масштабтауды жақсарту үшін жиі пайдаланылады.
Пайда және шығын (PnL)
Пайда және шығын (PnL) – бұл сіздің криптовалюта саудаңыздағы табысыңыздың немесе шығыныңыздың өлшемі.
Пайдаланушыларға арналған қауіпсіз активтер қоры (SAFU)
Пайдаланушыларға арналған қауіпсіз активтер қоры – 2018 жылы Binance жасаған төтенше жағдайдағы сақтандыру қоры.
Растау уақыты
Блокчейн транзакциясын мақұлдап, тізбеге қосуға қажет аралық.
Сатоши
Bitcoin протоколында анықталған биткоиннің ең кіші бірлігі. Ол биткоиннің жүз миллионнан бір бөлігіне немесе 0,00000001 BTC-ге тең.
Сид-тег
Дамудың бастапқы сатысындағы тәуекелі жоғары активтерді жіктеу үшін пайдаланылатын тег.
Сид-фраза
Сид-фраза немесе мнемоникалық сид-фраза – бұл криптовалюта әмияныңызға кіру үшін пайдалануға болатын сөздер жиынтығы.
Стагфляция
Баяу экономикалық өсуді, жұмыс орындарының жетіспеушілігін және тауарлар мен қызметтер бағасының өсуін қамтитын экономикалық проблема.
Стейблкоин
Бағаның айтарлықтай өзгерістерінен гөрі тұрақты құнды сақтауға бағытталған криптовалюта түрі.
Суперкомпьютер
Қазіргі уақытта мүмкін болатын ең жоғары есептеу қуаты деңгейінде жұмыс істейтін компьютер немесе виртуал машина.
Сыртқы иеліктегі шот (EOA)
Жеке кілтпен басқарылатын Ethereum блокчейніндегі шот түрі.
Тіркеуші
Ақшалай және қаржылық транзакциялар қадағаланып, тіркелетін физикалық кітап немесе цифрлық компьютер файлы.
Таза актив құны (NAV)
Ұйым активтерінен оның міндеттемелерін шегергендегі құн.
Тапсырыс кітабы
Биржада немесе нарықта белгілі бір активті сатып алу және сату бойынша орындалмаған тапсырыстардың электрондық тізімі.
Тикер таңбасы
Акцияны, криптовалютаны немесе басқа да активті білдіретін қысқа код.
Токен
Токендер (монеталармен шатастырмау керек) – блокчейнде шығарылған цифрлық бірліктер. Олар құнын сақтап тұруы немесе активтер алуға жұмсалуы мүмкін.
Токен стандарттары
Блокчейн желілеріндегі ERC-20, ERC-721, BEP-20 және TRC-20 токен стандарттары туралы біліңіз. Олардың криптовалюта транзакциялары мен орталықтандырылмаған қолданбалардағы рөлін түсініңіз.
Толығымен «сұйытылған» бағалау (FDV)
Толық «сұйытылған» бағалау жобаның болашақта нарықтық құны қандай болуы мүмкін екенін көрсетеді.
Транзакция идентификаторы (TXID)
Транзакция идентификаторы (TXID) блокчейндегі әрбір транзакцияны белгілейтін таңбалардың бірегей жолы болып табылады.
Түйін
Жүйенің қауіпсіздігі мен тұтастығын қамтамасыз ету үшін басқа қатысушылармен байланысатын блокчейн желісінің қатысушысы.
Тұтынушылық баға индексі (CPI)
Тұтынушылық баға индексі (CPI) – белгілі бір уақыт кезеңіндегі инфляция әсерін бақылау үшін қолданылатын көрсеткіш.
Төмендейтін сына үлгісі
Жиі өсу бағытындағы бұрылысқа әкелетін, өзара жақындасатын тренд сызықтарының диаграмма үлгісі.
Төмендеу тенденциясы бар нарық
Нарық бағаларының теріс тренді. Ол криптовалюта кеңістігінде ғана емес, дәстүрлі нарықтарда да кеңінен пайдаланылады.
Уақытпен құлыптаудың хэштелген келісімшарты (HTLC)
Төлем арналарын өзгертуге мүмкіндік беретін смарт келісімшарттарды жасау үшін қолданылатын арнайы функцияға жатады.
Фибоначчи түзету деңгейі
Қолдау және қарсылық деңгейлерін табу үшін трейдерлер пайдаланатын техникалық талдау құралы.
Фискалдық саясат
Биліктің елдегі салық мөлшерлемелерін түзету жолын сипаттайды, бұл мемлекеттік қаражатты жинау және пайдалану жолына әсер етеді.
Форекс (FX)
Форекс сөзі Шет ел валютасы нарықтары дегенді білдіреді. Бұл фиаттық валюталармен сауда жасауға арналған жаһандық нарық.
Фьючерстік келісімшарт
Активті болашақта келісілген бағада және күні сатып алу немесе сату үшін заңды келісім ретінде пайдаланылатын форвардтық келісімшарттардың стандартталған нұсқасы.
Хэшрейт
Компьютердің жаңа хэштерді есептеу жылдамдығы.
Цензураға төзімділік
Криптовалюта желісінің ондағы транзакцияларды кез келген тараптың өзгертуіне жол бермейтін қасиеті.
Қаржыландыру алымдары
Мерзімдік фьючерстік нарықтардағы ұзақ және қысқа мерзімді трейдерлер арасындағы мерзімді төлемдер.
Қарыз қолхаты (IOU)
«Қарыз қолхаты» дегенді білдіретін аббревиатура және бір тараптың екінші тарапқа берешегін мойындайтын бейресми құжатты білдіреді.
Қиындық
Блокты майнингтеу үшін қажет күш-жігер.
Қиындық бомбасы
«Қиындық бомбасы» термині Ethereum желісінің Стейкинг дәлеліне көшу процесінің бір бөлігі ретінде майнинг қиындығының артуын білдіреді.
Қорқыныш, белгісіздік және күмән (FUD)
Клиенттер, трейдерлер немесе инвесторлар арасында қорқыныш пен сенімсіздікті тарату үшін қолданылатын стратегия.
Қызметтік токен
Блокчейн желісі арқылы, көбінесе бастапқы монета ұсынысы (ICO), бастапқы биржа ұсынысы (IEO) немесе токен генерация іс-шарасы (TGE) бойынша шығарылған цифрлық токен.
Әлеуметтік қалпына келтіру әмияны
Әлеуметтік қалпына келтіру әмияндары – бұл криптовалюталарды қалпына келтіруге мүмкіндік беретін криптовалюта әмияндары. Пайдаланушылар кілттерін жоғалтса немесе құпиясөздерін ұмытып қалса, жүйеге қайтадан кіру үшін сенімді контактілерді пайдаланады.
Әмиян
Криптовалюталар жіберу және алу үшін қолданылады. Әртүрлі типтеріне бағдарламалық әмияндар, аппараттық әмияндар және қағаз әмияндар жатады.
Әртараптандыру
Жалпы тәуекелдерді азайту үшін қаражатты активтердің түрлері мен юрисдикциялар арасында бөлу.
Өз бетіңізше зерттеу жүргізу (DYOR)
Құнды кеңес. Басқалардың айтқанын орындамай, монетаны немесе токенді өзіңіз зерттеген дұрыс.
Өзара алмастырылмайтын токен (NFT)
Бірегей цифрлық немесе нақты актив болып табылатын және бір-бірін алмастырмайтын криптографиялық токен түрі.
Өтімді стейкинг
Жетілдірілген өтімділікті қамтамасыз ету үшін бәске тігілген активтерді токендеу процесі.
Өтімділік
Кез келген активті осы активтің нарықтағы бағасының айтарлықтай ауытқуынсыз сату немесе сатып алу мүмкіндігі.
Өткізіп алу қорқынышы (FOMO)
Ықтимал пайдалы мүмкіндікті жіберіп алуыңыз мүмкін деген қорқыныш пен алаңдаушылық сезімі.
A
Aevo (AEVO)
Деривативтермен сауда жасауға бағытталған орталықтандырылмаған биржа.
ARC-20
Bitcoin желісіндегі өзара алмастырылатын токендерге арналған токен стандарты (түрлі түсті монеталар).
B
BEP-1155
BNB блокчейніндегі цифрлық активтерді құруды және басқаруды оңтайландыратын токен стандарты.
BEP-20
BNB Smart Chain (BSC) желісіндегі токен стандарты.
BEP-95
BEP-95 – BNB Chain желісінде нақты уақыт режимінде жағу механизмін жүзеге асыратын BNB Evolution ұсынысы.
Bitcoin
Сатоши Накамото бүркеншік атына ие әзірлеуші(лер) жасаған криптовалюта. Алғашқы криптовалюта бастапқыда «Тең деңгейлі электрондық қолма-қол ақша» ретінде сипатталған.
Bitcoin үстемдігі
Bitcoin нарықтық капиталының барлық криптовалюталардың нарықтық капиталына қатынасы.
BNB
BNB Chain желісінің нативтікк токені.
BNSOL
Binance-тегі стейкинг жасалған SOL токенін білдіретін өтімді стейкинг токені.
BscScan
BNB Smart Chain (BSC) пайдаланушылары үшін жасалған блокчейн шолғышы.
BTC әмияны мекенжайы
BTC транзакцияларын жіберу және алу үшін пайдаланылатын әріптер мен сандардың бірегей жолы.
E
ECDSA
Жеке кілттерді ашпастан транзакцияларды растауға және иелік ету құқығын тексеруге арналған, Биткоин және Ethereum қолданатын криптографиялық қолтаңба схемасы.
EIP
Ұсынылған жаңартулар мен жаңа мүмкіндіктерді толыққанды сипаттайтын Ethereum жақсарту ұсыныстары.
EIP-1559
Ethereum алым жүйесін өзгерткен 2021 жетілдіруі.
EIP-7251
Максималды тиімді балансты ұлғайту арқылы Ethereum стейкингін өзгерту туралы ұсыныс.
EIP-7702
Ethereum-да сыртқы иеліктегі шоттарды (EOA) жақсартуға арналған ұсыныс.
Enterprise Ethereum Alliance (EEA)
Корпоративтік Ethereum желісін енгізуді жеделдету үшін ашық, стандартқа негізделген архитектура мен спецификацияны ұсынатын саланың алғашқы жаһандық стандарттар ұйымы.
ETF
ETF-тер – биржалық инвестициялық қорлар, бұл мақалада біз олардың криптовалюта нарығындағы рөлін қарастырамыз: инвесторлар мен қаржы экожүйесі үшін артықшылықтары, әсері және қиындықтары.
F
Flux (FLUX)
Масштабталатын Web3 қолданбаларына арналған орталықтандырылмаған бұлт инфрақұрылымы.
G
Gwei
Эфирдің шағын деноминациясы. Ол газ бағаларының өлшемі ретінде кеңінен қолданылады. 1 000 000 000 wei = 1 Giga wei (Gwei)
H
HODL
bitcointalk форумындағы Hold сөзінің қате жазылуы, ол Hold on for Dear Life (Өмірде берілмеу) сөзінің қысқарған түрі ретінде қайта түрлендірілген, бұл монеталарды иелену құқығын сақтауға және сатпауға бағытталған.
I
InterPlanetary File System (IPFS)
Таратылған мазмұнды сақтауға және оған қол жеткізуге арналған протоколды әзірлейтін бастапқы коды ашық жоба.
L
LFG
Криптовалюта сленгінде «Кеттік!» (LFG) дегенді білдіреді.
M
Mutant Ape Yacht Club (MAYC)
Yuga Labs ұсынған, Bored Ape экожүйесін кеңейтетін NFT топтамасы.
O
OCO тапсырысы
Ол лимиттік тапсырысты стоп-лимиттік тапсырыспен біріктіреді, бірақ олардың тек біреуі ғана орындала алады.
S
Solidity
Solidity – Ethereum блокчейнінде смарт келісімшарттарды жазып, енгізу үшін арнайы әзірленген бағдарламалау тілі.
T
Testnet
Testnet желілері блокчейн мүмкіндіктерін зерттеу және сынау үшін тәуекелсіз, қауіпсіз орталар ұсынатын негізгі желі көшірмелері.
The Graph (GRT)
Блокчейн деректерінің қолжетімділігіне бағытталған орталықтандырылмаған протокол.
TradFi
TradFi (дәстүрлі қаржы) – адамдардың көпшілігі күнделікті өмірінде қолданатын қалыптасқан қаржы жүйесі.
W
Web 1.0
Деректер негізінен гиперсілтемелер арқылы байланыстырылған, тек оқуға арналған беттер түрінде болған вебтің бастапқы нұсқасы. Сондай-ақ «тек оқуға арналған» веб ретінде белгілі.
Wei
Мүмкін болатын ең аз эфир (ETH) номиналы, Ethereum желісінде пайдаланылатын валюта. Көбінесе газ бағаларына қатысты пайдаланылады.
Z
zk-STARKs
zk-STARK-тар бір тарапқа (дәлелдеушіге) екінші тарапқа (тексерушіге) деректердің өзін немесе талдау барысын ашпастан, расталған деректерді беруге немесе есептеулерді орындауға мүмкіндік береді.