Binance платформасында криптовалютаны KZT балансына сату және шығару қалай жүзеге асырылады?

2023-07-18 12:37 жарияланды
2025-11-14 15:51 жаңартылды

1. Binance қолданбасына кіріп, [Қаражат қосу] түймесін түртіңіз. [Сату] опциясын таңдаңыз.

image

2. Сатқыңыз келетін криптовалютаны таңдап, соманы енгізіңіз. [Сату] түймесін түртіңіз.

image

3. [Әмиян (KZT)] опциясын қабылдау әдісі ретінде таңдап, [Растау] түймесін түртіңіз.

4. Криптовалюта бірден KZT валютасына сатылады. KZT балансыңызды Спот әмиянынан көруге болады.

KZT балансын банк картасына (Mastercard) қалай шығаруға болады?

1. [Қолма-қол ақша шығару] түймесін түртіп, KZT шығара аласыз.

image

Бомласа, [Портфолио] – [Шығару] бөліміне өтіңіз. 

2. Валюта ретінде KZT таңдаңыз, содан кейін шығару үшін [Банк картасы (Mastercard)] опциясын таңдаңыз. [Жалғастыру] түймесін түртіңіз.

image

3. Егер шығару функциясын алғаш рет қолданып жатсаңыз, [+Жаңа картаны қосу] түймесін түртіп, картаңыздың мәліметтерін енгізіңіз.

Бұл қызметті тек Қазақстандағы пайдаланушылар пайдалана алады және карта Қазақстанда шығарылуы тиіс екенін есте сақтаңыз.

Қаласаңыз, осы қадамда картаны өзгертуге болады. 

4. Шығарылатын соманы енгізіп, [Жалғастыру] түймесін түртіңіз.

image

5. Мәліметтерді мұқият тексеріп, [Растау] түймесін түртіңіз.

image

6. Қауіпсіздікті тексеру талаптарын орындаңыз.

image

7. Қаражатты шығару транзакцияңыз аяқталды. [Тарихты көру] бөліміне өтіп, тапсырыстың күйін тексере аласыз.