Бұл – жалпы хабарландыру. Мұнда айтылған өнімдер мен қызметтер аймағыңызда қолжетімсіз болуы мүмкін.
Binance пайдаланушылары,
Binance OpenLedger (OPEN) токені мына қызметтерге қосылатынын қуана хабарлайды: Binance Simple Earn, «Криптовалюта сатып алу», Binance Convert, Binance Margin және Binance Futures. Аталған қызметтерге қосу төменде көрсетілген күндер мен уақыттарға сәйкес жүзеге асырылады.
OPEN икемді өнімдері Binance Simple Earn тізімінде 08.09.2025 13:00-де (UTC) көрсетіледі және жазылым үшін қолжетімді болады.
Ескертпелер:
OpenLedger (OPEN) – Binance Ходлер эйрдроптары аясындағы жоба, ол BNB иелерін BNB Simple Earn немесе BNB ончейн кірістер баланстарының тарихи снапшоттары негізінде токен эйрдроптары арқылы марапаттайды.
Пайдаланушылар BNB Simple Earn өнімдеріне (икемді немесе құлыпталған өнімдер) немесе BNB ончейн кірістеріне Ходлер эйрдроптарының сыйақыларын автоматты түрде пайдалануы үшін жазыла алады.
Пайдаланушылар OPEN Binance спот тізімінде тұрғаннан кейін бір сағат ішінде Binance Convert жүйесінде нөлдік алыммен BTC, USDT және кез келген басқа токендерге қарсы OPEN саудасын бастай алады.
Binance Margin 08.09.2025 13:00 (UTC) кезінде Тоғыспалы және Оқшауланған маржадағы жаңа левереджді актив ретінде OPEN, сондай-ақ OPEN/USDT және OPEN/USDC жұптарын Тоғыспалы және Оқшауланған маржа ретінде қосады.
Ескертпелер:
Жаңадан тізімге енгізілген токеннің құбылмалы болатынын ескеріңіз; пайдаланушыларға осындай токендер трейдингі кезінде тәуекелді басқарудың қатаң стратегияларын қабылдау ұсынылады.
Ең жаңартылған маржаланатын активтердің тізімі және нақты лимиттер, кепіл коэффициенті және мөлшерлемелері туралы қосымша ақпаратты Маржа деректерінен қараңыз.
Binance Futures платформасында USDⓈ-M OPEN мерзімсіз келісімшарты осы сілтемеде 08.09.2025, 13:00-де (UTC) іске қосылады. Левередж – 75x дейін.
USDⓈ-M OPEN мерзімсіз келісімшартына қатысты толығырақ мәліметтер төмендегі кестеде берілген:
Назар аударыңыз:
OPENUSDT мерзімсіз келісімшартының іске қосылған сәттегі ең жоғарғы қаржыландыру мөлшерлемесі: +2,00%/-2,00%.
Қаржыландыру төлемінің есеп айырысу жиілігі әр төрт сағат сайын.
Аталған мерзімсіз келісімшартты іске қосылғаннан кейінгі 24 сағат ішінде фьючерс копитрейдингі үшін пайдалануға болады. Пайдалануға болатын фьючерс копитрейдингінің келісімшарттары туралы толық ақпаратты осы «Сұрақ-жауап» бөлімінен қараңыз.
Нарықтағы тәуекел деңгейіне байланысты Binance OPENUSDT мерзімсіз келісімшартының бірқатар шарттарын уақыт өте келе өзгертіп отыруы мүмкін. Бұған қаржыландыру алымы, баға қадамы, ең жоғары левередж, бастапқы маржа мен минималды маржа талаптары кіреді.
Көп активті режим пайдаланушыларға тиісті дисконт шарттарымен OPENUSDT мерзімсіз келісімшартымен әртүрлі маржа активтері арқылы сауда жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, көп активті режим қосулы болса, пайдаланушылар OPENUSDT мерзімсіз келісімшарты бойынша маржа ретінде BTC валютасын қолдана алады.
OPENUSDT мерзімсіз келісімшарты Binance пайдалану шарттарына және Binance Futures қызмет көрсету келісіміне сәйкес жүзеге асырылады.
Қолдауыңызға рақмет!
Binance ұжымы
08.09.2025 ж.
Әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар:
Бұл хабарлама қаржылық өнімдерді насихаттау мақсатында BN KZ Technologies Limited («Binance Kazakhstan») компаниясы тарапынан жарияланған. Компания Астана халықаралық қаржы орталығының («AIFC») реттеуші комитетінің рұқсатымен цифрлық активтер сауда алаңын басқару, сақтау қызметтерін көрсету және өз атынан инвестициялық мәмілелер жасау қызметін жүзеге асырады (лицензия нөмірі: AFSA-A-LA-2024-0028).
Цифрлық активтердің бағасы құбылмалы болуы мүмкін. Сіздің инвестицияларыңыздың құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін, және сіз салған қаражатыңызды толықтай қайтара алмауыңыз ықтимал. Барлық инвестициялық шешімдерге сіз өзіңіз жауаптысыз. Binance Kazakhstan сіздің кез келген шығындарыңызға жауапты емес.
Фьючерстер және басқа да өнімдермен сауда жасау жоғары нарықтық тәуекелдер мен баға құбылмалылығына байланысты. Сізден қосымша маржиналды депозиттер немесе пайыздарды қысқа мерзімде төлеу талап етілуі мүмкін. Егер осы міндеттемелерді орындамасаңыз, сіздің кепілдігіңіз қосымша ескерту жасалмай жойылуы мүмкін, және сіз есепшотыңыздағы кез келген дефицит пен жиналған пайыздарға жауапты боласыз.
Өткен нәтижелер болашақ табыстың кепілі емес. Саудаға кіріспес бұрын, мәміленің сіздің мақсаттарыңыз бен қаржылық жағдайыңызға сай келетінін, барлық тәуекелдер мен мүмкін пайдасын өз бетіңізше бағалауыңыз қажет. Қажет болған жағдайда тәуелсіз маманнан кеңес алыңыз.
Бұл ақпарат инвестициялық немесе қаржылық кеңес ретінде қарастырылмауы тиіс. Жауапты сауда жасау туралы көбірек білу үшін біздің жауапты сауда материалдары бетіне кіріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін Пайдалану шарттарын және Қауіп туралы ескертуді қараңыз.
Байланыс ақпараты: BN KZ Technologies Limited, Астана қаласы, 010000, Есiл ауданы, Сығанақ көшесі 60/2, 7-ші кеңсе.