DeAgentAI (AIA) дегеніміз не?
DeAgentAI – DeAgents деп аталатын автономды бағдарламалық жасақтама бағдарламаларына адамның үздіксіз араласуынсыз деректерді талдауға, шешім қабылдауға және блокчейн желілерінде тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беретін орталықтандырылмаған жасанды интеллект (ЖИ) агенттері желісі. Бұл ЖИ агенттері тек алдын ала белгіленген ережелерге сүйенудің орнына, уақыт өте келе өнімділігін жақсарту үшін машиналық оқытуды пайдаланады. Жоба ЖИ негізіндегі автоматтандыруды орталықтандырылмаған блокчейн инфрақұрылымымен біріктіру мақсатында BNB Smart Chain, Sui және Bitcoin желісін қоса алғанда, бірнеше блокчейн экожүйесінде жұмыс істейді.
AIA –DeAgentAI экожүйесініңтөл қызметтік токені. Ол желі ішінде стейкинг, басқару және төлемдер үшін пайдаланылады. Токен иелері желінің жұмысын қолдау және сыйақы алу үшін AIA токендерін стейкингке сала алады, сондай-ақ протокол жаңартулары мен экожүйе ұсыныстарына дауыс беру арқылы басқаруға қатыса алады. Токен ЖИ агенттері қызметтерінің комиссияларын төлеу үшін де пайдаланылады. Сонымен қатар экожүйеде желі кірісінің бір бөлігін ашық нарықтан AIA токендерін кері сатып алуға және оларды айналымнан біржола шығаруға пайдаланатын кері сатып алу және жағу механизмі бар.
AIA токендерінің жалпы ұсынысы 1 млрд токенді, ал айналымдағы ұсынысы шамамен 188,95 млн токенді құрайды.
AIA Binance Alpha платформасында листингке енгізілген. AIA токенінің ағымдағы бағасы Binance платформасында нақты уақыт режимінде жаңартылады.
