WhatsApp-тағы фишингтік алаяқтықтан сақ болыңыз!

2024-02-02

Негізгі тұжырымдамалар

  • Binance биржасы WhatsApp топтарындағы пайдаланушыларға инвестициялық кеңестер беру, сатып алуды талқылау немесе қаражат сұрау үшін ешқашан хабарласпайды.

  • Сіз Binance Verify құралы арқылы Binance өкілімін деп мәлімдеген біреудің заңдылығын кез келген уақытта тексере аласыз.

  • Алаяқтар фишингтік алаяқтық үшін WhatsApp-ты және басқа да хабар алмасу платформаларын пайдалануға бейім. Олар сіздің сеніміңізге кіруге тырысады және сізден оларға ақпарат немесе қаражат жіберуіңізді сұрайды.

WhatsApp-тағы алаяқтардан сақ болыңыз – қырағылық танытыңыз және әрқашан ресми байланыс арналарымызды пайдаланыңыз!


Онлайн қауіпсіздігіңіз біз үшін өте маңызды. Мәліметтерге өтпей тұрып, бізде бөлісетін маңызды хабар бар:

  • Binance инвестициялық кеңес, ұсыныстар беру немесе қаражат сұрау үшін сізге WhatsApp арқылы ешқашан хабарласпайды. 

  • Егер біреу Binance өкілімін деп мәлімдесе және сізге қаражат сұрау немесе WhatsApp-та инвестициялық кеңес ұсыну үшін хабарласса, ол сізді алдауға тырысуда.

Өкінішке орай, сізге хабарласу және қаражат сұрау үшін арам пиғылды адамдардың біздің атымызды жамылуы жиі кездеседі. Бұл ретте жақында алаяқтар WhatsApp топтары арқылы қауымдастығымыздан ақша бопсалау үшін Binance France және Binance Italy командаларының атын жамылғаны назарымызға ілікті.

Тиісті ақпарат алу – өзіңізді осы алаяқтықтан қорғаудың ең жақсы тәсілдерінің бірі. Бүгін осыны хабарламақшымыз. Бірге қырағы болайық!

Binance іс жүзінде сізбен қалай байланысады

Binance биржасының сізбен байланысуының немесе бізбен байланысудың бірнеше жолы бар:

  • Тұтынушыларға қызмет көрсету порталымызда тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн бойы қолжетімді Binance тұтынушыларға қолдау көрсету тобы арқылы.

  • Ресми X (бұрын Twitter) шотымыз арқылы: @binance.

  • Telegram арқылы. Бұл ретте Binance Verify қызметі арқылы контактінің жеке басын тексеріңіз. Бұл құрал веб-сайттың, электрондық поштаның, Telegram идентификаторының немесе басқа байланысу арнасының заңды екенін тексеруге мүмкіндік береді. 

  • Сондай-ақ өзіңіз қосылған кез келген қауымдастық тобын мұқият тексеруіңіз керек. Қауымдастық тобындағы алаяқтықтан өзіңізді қорғаңыз нұсқаулығында сізге осы туралы егжей-тегжейлі ақпарат беріледі.

  • Электрондық пошта арқылы. Жіберу мекенжайын мұқият тексеру үшін Binance Verify қызметін пайдалану керектігін тағы бір ескертеміз.

Бұл жерде қандай қауіп бар?

Бір сөзбен айтқанда: фишинг.

Фишингтік алаяқтық әрекеттерінде алаяқ құрбанды ақша жіберуге немесе құпия ақпаратты беруге көндіретін алдау тактикасын қолданады. Оның мақсатына көбінесе ресми криптовалюта платформаларына қатты ұқсайтын жалған электрондық пошталар, веб-сайттар немесе хабарлар арқылы қол жеткізіледі. Алаяқ адам пайдаланушыдан ақпарат немесе активтер сұрамай тұрып оның сеніміне ие болуды көздейді.

Фишинг әрекеттері WhatsApp арқылы қалай жасалуы мүмкін?

Криптовалюта және әлеуметтік медиа ландшафты кеңейіп жатқандықтан, бейтаныс адамдарды пайдалануды мақсат ететін арам пиғылды адамдардың тактикалары кеңеюде. WhatsApp әлемдегі миллиондаған адамдар үшін ең танымал байланыс әдістерінің бірі болып табылады. Бұл оны алаяқтардың пайдалануына тиімді етеді.

WhatsApp-тағы фишингтік алаяқтық әдетте мынадай сипатта болады:

  1. Кейіптеу: алаяқ Binance өкіліне ұқсайтын жалған WhatsApp профилін жасайды.

  2. Шұғыл мәселе: олар Binance шотыңызға қатысты шұғыл мәселе (мысалы, күдікті әрекет) бар деп мәлімдейді.

  3. Ақпарат немесе қаражат сұрау: алаяқ шоттың деректемелері және екі факторлы аутентификация кодтары сияқты құпия ақпаратты, әлде оған біраз криптовалюта аударуыңызды сұрайды.

  4. Жалған сенім: олар қоғамдық көздерден болуы ықтимал, сенімді болып көрінетін біраз мәліметтерді бөліседі.

  5. Оқшаулану және жоғалып кету: алаяқ құпиялылықты талап етеді және жағдай құпия әрі сақтықпен шешілуі керек деп мәлімдеп, оны басқа ешкіммен, соның ішінде Binance биржасының қолдау қызметімен талқыламауды сұрайды. Ақырында, сіз криптовалютаны немесе ақпаратты жібергеннен кейін ол жоғалып кетіп, сізді шығынға батырады.

Қырағы және хабардар болу – алаяқтық әрекеттерге қарсы қаруыңыз

Алаяқтар қалай жұмыс істейтінін түсіну арқылы сіз оның белгілерін байқай аласыз. Бұл – өзіңізді қорғаудың ең күшті әдістерінің бірі. Есіңізде болсын, біз сізге WhatsApp арқылы инвестициялық кеңес беру немесе қаражат сұрау үшін ешқашан хабарласпаймыз. Осылай істейтін кез келген адам сізді алдамақшы екеніне сенімді бола аласыз, сондықтан қырағылық танытыңыз және ресми байланыс арналарымызды пайдаланыңыз.

Қосымша оқу материалдары

212,495,342 пайдаланушы бізді таңдады. Себебін бүгін біліңіз.
Қазір тіркелу