CR7 NFT иелерінің алған әсерлерін бөлісу

2024-02-05

Негізгі түйіндер

  • ForeverCR7: The GOAT Super Super Rare (SSR) NFT иелері (Ларри, Евгений және Чаочи) футболда аты аңызға айналған Криштиану Роналдумен жаттығу жасау үшін жалғыз рет берілетін мүмкіндікке ие болды.

  • Бұл іс-шара CR7 NFT токендерінің шынайы әлемде қолданылатыны мен ерекше пайдалы екендігінің дәлелі болды.

  • Болашақта осыған ұқсас акцияларға, ұтыс ойындарына және қауымдастық іс-шараларына қатысу үшін CR7 топтамаларынан әлі де NFT сатып ала аласыз.

Лиссабонда Криштиану Роналдумен жаттығудың қалай болғаны туралы тыңдап, CR7 NFT токені бойынша жаңа науқандар туралы біліңіз.

Ескертпе: бұл – жалпы хабарландыру. Кейбір өнімдер мен қызметтер сіз тұратын аймақта қолжетімді болмауы мүмкін.

Кәсіби мансабын жиырма жылдан астам бұрын бастаған Криштиану Роналду бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамның қиялын жаулап, аты алтын әріппен жазылатын футболшыға айналды. Онымен жүздесу көптеген адамның арманына айналған, бірақ ForeverCR7: The GOAT SSR NFT токенінің жолы болғыш бес иесі жұлдызбен жүздесуге мүмкіндік алды

Ларри, Евгений және Чаочи CR7 NFT токенін сатып алып жатқанда, ол туралы ойламаған да болуы мүмкін. Көп ұзамай олар иелігіндегі токендердің өмірде оңайлықпен қол жеткізу мүмкін емес керемет сезім сыйлайтынын білді!

Жаттығу күні қалай өткенін көріңіз

Жеңімпаздармен таныс болыңыз: Ларри, Евгений және Чаочи

Цифрлық технологияларды қолдаушы және футбол әуесқойы Ларри, NFT әуесқойы Евгений және арнайы Binance пайдаланушысы Чаочи өмірлеріндегі естен кетпес жүлдені ұзақ ұмыта алмай жүрері рас. Ол жүлде – CR7 сияқты аты аңызға айналған адаммен бірге жаттығу жасау.

Олар осындай жүлде ұтып алғандарын білген кезде, сенер-сенбесін білмей, бойларын қуаныш пен шаттық биледі. Ларри бізге алғашында қандай сезім болғанын айтып берді.

«Хабарландыру келгенде, өз көзіме өзім сенбедім. Бойымды сабырсыздық билеп, сол уақытты асыға күттім… Ол кездегі сезімді сөзбен сипаттау мүмкін емес шығар!»

Евгений де алғашында мұндай мүмкіндікке ие болғанына оңайлықпен сене қоймаған екен: «Шарттар мен талаптарды қарап шыққаннан кейін және Роналдумен жеке кездесіп, жаттығуға болатынын айтқан соң, біз тәуекелге бел будық».

NFT тарихында бұрын-соңды мұндай ерекше оқиға орын алған емес, барлық бес жеңімпаз үшін осындай керемет күн Лиссабонда өтетін болып шешілді.

«Криштиану Роналдумен SSR деңгейіне ие болу мен NFT токендері туралы айтқан кезде көрген ең жақсы нәрселердің бірі болып көрінді».

– Чаочи, CR7-мен жаттығу күнінің жеңімпазы

Тарихи мәдениет күніне арналған Лиссабонға саяхат

Жаттығу күні блогында айтылғандай, бес жеңімпаз, алдымен, Лиссабонның Севен-Хиллс қаласында Binance командасымен кездесті. Криштиану Роналдудың тәжірибесі алаңда ғана басталған жоқ, онымен кездесу алдында бес қонағымызға Португалия астанасының қыр-сыры көрсетілді.

«[Binance командасы] бізді құшақ жая қарсы алды, дегенмен бәріміз бастапқыда бөтен адамдар едік», – деп түсіндірді Ларри. «Олар бізге жергілікті халықтың сүйікті тағамдарын көрсетті және сапарымыздың жағымды, қосымша әсерлерге толы болғанына көз жеткізді».

Дегенмен, жеңімпаздар Лиссабонда демалуға және ләззат алуға ұмтылса да, олардың әлі де күту сезімі болды: жай ғана футбол жұлдызы емес, аңызға айналған Криштиану Роналдумен кездесудің шынайы мүмкіндігі жақын болды!

Ақиқат сәті: Криштиану Роналдумен кездесу

Ақиқат сәті келесі күні келді – CR7 жаттығуды бастау үшін алаңға шықты. Евгений үшін «Криштианудың кіріп келе жатқаны шындыққа жанаспайтындай көрінді. Мен оның алаңда пәрмендер беретінін үнемі теледидардан көріп жүрдім, бірақ қол созым жерде тұрғанын көргенде, ешнәрсеге ұқсамайтын сезім биледі!

Криштианудың мінезі мен жылы лебізі жеңімпаздарымыздың қобалжуын тез арада басып, олар жаттығуды бастауға дайын болды. «Криштиану бізбен бірге болды, жаттығуларға белсенді түрде жетекшілік етті». – деп Ларри ықыласпен атап өтті. «Оның бізді үйретуге деген адалдығы, тіпті, біз жаңадан бастаушылар болсақ та, толығымен шынайы болды және оны бәріміз де сезіндік».

Чаочи үшін Криштианудың практикалық жаттықтыру тәсілі оның шеберлігіне де нақты өзгеріс әкелді.

«Жаттығу кезінде бізде пенальти орындауға екі мүмкіндігіміз болды. Мен оны бірінші рет орындағанымда, бұл соншалықты керемет емес еді. Содан кейін Криштиану келіп, қалай жақсарту керектігін үйретті, келесі жолы оның шынымен жақсырақ тебуді үйреткенін байқадым».

Криштианумен идеяларды бөлісу және байланыс орнату

Жаттығу жиыны аяқталғаннан кейін, жеңімпаздарымыз Криштиануға ең өзекті сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. CR7 өзінің футбол жолы, жетістіктері мен қиыншылықтары және ойынға деген сүйіспеншілігі туралы ойларымен бөлісті.

Чаочи Криштиану ойларының маңыздылығы мен олардың оған әсерін жеткізді. «Криштианудың өз саяхаты туралы ашықтығы, әсіресе, ең есте қалатын сәт ретінде өзінің алғашқы кәсіби ойынын айтуы керемет әсер қалдырды. Бұл оның кішіпейілділігін көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге табандылығы мен өз ісіне берілгендігін де айқындайды».

Евгений болашақта ойыншы ретінде CR7-ден алаңнан тыс жоспарлары туралы сұрау мүмкіндігін алды. «Мен одан кәсіби футболдан кеткеннен кейін, болашақта менеджер лауазымын қарастыра ма деп сұрадым, бұл әрқашан менің ойымда болған!»

NFT токендері арқылы жанкүйерлер тәжірибесін кеңейту

Лиссабонда бізге қосылу бақытына ие болған бес CR7 SSR NFT иегері үшін олардың саяхаттары NFT енді ұсына алатын трансформациялық тәжірибені оңай көрсетеді. Цифрлық меншік пен нақты әлем әрекеті арасындағы бұрын белгіленген шекара ұсынылып отырған бұрынғыдан да үлкенірек және жақсырақ науқанмен жойылды.

Осы CR7 NFT иелерінің оқиғасы олардың Криштианумен кездесуінде аяқталмады. Шын мәнінде, бұл бүкіл әлемдегі NFT иелері үшін күтуге және талап етуге болатын науқандар түріне қатысты прецедент ретінде жалғасуда.

«Бұл тамаша ойыншымен кездесу ғана емес еді. Бұл цифрлық инновацияның жаңа дәуірі ықпал еткен жанкүйерлер мен олардың кумирлері арасындағы шекараны бұзу туралы болды. Binance NFT токендерінің күші арқылы жанкүйерлерді Криштиануға жақындатады және бұл бастамасы ғана. NFT токендерін алда жарқын жол күтіп тұр!»

– Сара Дейл, Binance Серіктестіктер бөлімінің басшысы

CR7 NFT иелену тек цифрлық меншікті білдірмейді; бұл – спорт аңызымен ерекше және жеке тәжірибеге арналған төлқұжат.

TRAINWITHCR7 реферал коды арқылы Binance шотына тіркеліңіз

CR7 топтамасына қазір қатысыңыз

Жаттығу жиынының барлық жүлделерін жеңіп алғанымызға қарамастан, CR7 NFT науқаны мұнымен тоқтап қалмайды. CR7 NFT топтамасының бір бөлігіне ие болу ForeverZone қауымдастығына кіре алатыныңызды білдіреді. Бұл сізге 2024 жылы болашақ сыйлықтарға қосылуға және әрқашан эксклюзивті CR7 жаңартуларын бірінші болып алуға мүмкіндік береді.

Кім біледі, мүмкін сіз де Евгений сияқты есте қалатын ерекше әсер аласыз:

«Енді мен үйдегі достарыма CR7-мен суретке түсу жақсы, бірақ онымен футбол ойнау одан да жақсы деп айта аламын!»

Қосымша оқу материалдары

Жауапкершіліктен бас тарту: Криштиану Роналдудың CR7 активтерін ілгерілету немесе қолдау көрсету кез келген басқа Binance активтерін ілгерілету немесе қолдау көрсету болып табылмайды.

Тәуекел туралы ескерту: цифрлық актив бағалары тұрақсыз болуы мүмкін. Инвестицияңыздың құны төмендеуі немесе жоғарылауы және инвестицияланған соманы қайтара алмауыңыз мүмкін. Қаржылық кеңес емес. Қосымша ақпаратты «Пайдалану шарттары» және «Тәуекел туралы ескерту» бөлімінен қараңыз.

212,579,204 пайдаланушы бізді таңдады. Себебін бүгін біліңіз.
Қазір тіркелу