Enso (ENSO) дегеніміз не?

Enso (ENSO) дегеніміз не?

Орташа
Жаңартылды Oct 15, 2025
7m

Негізгі тұжырымдамалар

  • Enso – бұл әзірлеушілердің бірнеше блокчейн мен жиынтықтағы смарт келісімшарттармен өзара әрекеттесуін жеңілдетуге арналған орталықтандырылмаған 1-қабат желісі.

  • Протокол Tendermint консенсусын қолданады және әртүрлі тізбектерде смарт келісімшарттардың орындалатын байткодын құрастыратын үйлестіру қабаты ретінде әрекет етеді.

  • Желіде төрт қатысушы рөл бар: тұтынушылар, әрекет провайдерлері, граф жасаушылар және валидаторлар. 

  • Enso ортақ желі күйін ұсынады, мұнда әрекеттер деп аталатын смарт келісімшарт абстракцияларын әзірлеушілер енгізеді және орындалатын шешімдерді шығару үшін граф жасаушылар біріктіреді.

Enso дегеніміз не?

Enso – бұл әзірлеушілердің бірнеше блокчейн, жиынтық және қолданба тізбегіндегі смарт келісімшарттармен өзара әрекеттесуін жеңілдетуге арналған орталықтандырылмаған 1-қабат желісі. Протокол көптеген тізбектердің смарт келісімшарттарын байланыстыратын үйлестіру қабаты ретінде әрекет етеді, бұл әзірлеушілерге күрделі техникалық бөлшектермен айналыспай-ақ әртүрлі экожүйеде бір уақытта жобалар құруға мүмкіндік береді. 

Enso ниеттер мен әрекеттер деп аталатын екі негізгі идеяны ұсынады. Ниеттер әзірлеушілер мен пайдаланушыларға өздерінің не істегісі келетінін (мысалы, токендерді алмастыру немесе активтерді блокчейндер арасында ауыстыру) әрбір техникалық қадамды нақты көрсетпей-ақ сипаттауға мүмкіндік береді. 

Әрекеттер токен жіберу немесе активтерді стейкингке салу сияқты осы кішірек операцияларды білдіреді. Желі ниетті тиімді түрде іске асыру үшін тиісті әрекеттерді біріктіреді және орындайды. Блокчейннің күрделі өзара әрекеттерін ниетке негізделген сұрауларға түрлендіру арқылы Enso орталықтандырылмаған қолданбаларды неғұрлым жинақы және пайдаланушыға ыңғайлы етуді мақсат етеді.

Enso қалай жұмыс істейді

Ортақ желі күйі 

Enso ортақ желі күйі әртүрлі блокчейн мен жинақтардан смарт келісімшарттар туралы ақпаратты сақтайтын жаһандық дерекқор ретінде әрекет етеді. Ол әзірлеушілерге әрбір блокчейн үшін бөлек интеграцияларды басқарудың орнына бір дәйекті деректер көзінен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Әрбір смарт келісімшарт орындалатын байткодты жасау үшін қажет барлық деректермен бірге жеке нысан ретінде жазылады. Байткод – бұл блокчейндер смарт келісімшарт командаларын өңдеп, орындау үшін қолданатын төмен деңгейлі код. Әрбір нысан өзінің сәйкес блокчейн идентификаторымен байланыстырылған, сондықтан желі оның қайда орналастырылғанын біледі.

Мысал ретінде, Aave несиелеу протоколы Ethereum платформасында «Несие беру» әрекет түрі қолданылатын нысан ретінде сақталады. Әзірлеуші бірнеше блокчейнде несиелеу протоколымен өзара әрекеттесуді қалаған кезде, Enso сол нақты сұрауға байткодты жасау үшін ортақ күйден қажетті құрамдастарды автоматты түрде жинай алады. Бұл тәсіл күрделі смарт келісімшарт әрекеттерін стандартталған және қайта пайдалануға болатын құрамдастарға айналдыру арқылы көп тізбекті әзірлеуді жеңілдетуге көмектеседі.

Желі қатысушылары 

Enso дизайны төрт негізгі қатысушылар төңірегінде құрылған, әрқайсысы сұрауларды өңдеу мен желінің тұрақты жұмысын қолдауда ерекше рөл атқарады:

Тұтынушылар

Enso желісіне ниеттерді жіберетін соңғы пайдаланушылар немесе әзірлеушілер. Олар токендерді айырбастау немесе DeFi әрекетін орындау сияқты жүзеге асыру қажет нәтижені сипаттайды және оның орындалуы желіге тапсырады.

Әрекет провайдерлері

Әрекеттер деп аталатын қайта пайдалануға болатын смарт келісімшарт модульдерін қосатын әзірлеушілер. Бұл Әрекеттер блокчейннің нақты операцияларының қалай жұмыс істейтінін сипаттайды және әртүрлі пайдаланушы ниеттерін орындау үшін біріктірілуі мүмкін.

Граф жасаушылар

Тиісті әрекеттерді бір-бірімен байланыстыру үшін Enso ортақ желі күйі арқылы іздейтін мамандандырылған қатысушылар. Олар пайдаланушының ниетіне сәйкес ең жақсы нәтиже беретін оңтайландырылған, орындалатын байткодты құрастырады.

Валидаторлар

Желі түйіндері ұсынылған шешімдерді растауға жауапты. Олар ең тиімді және қауіпсіз орындау шешімін таңдай отырып, оның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін блокчейндерде жасалған байткодты тексереді және сынайды.

Enso жұмыс ағыны әдетте келесі қадамдардан тұрады:

  • Ниет құру: пайдаланушы ниетті қалай орындалатынын егжей-тегжейлі көрсетпей, токен свопы немесе несие беру әрекеті сияқты қалаған нәтижені көрсете отырып, желіге жібереді.

  • Әрекетке үлес қосу: әрекет провайдерлері своп немесе депозиттер сияқты нақты операцияларды орындау жолын анықтайтын Әрекеттер деп аталатын қайта пайдалануға болатын смарт келісімшарт абстракцияларын жариялайды.

  • Жолды анықтау: граф жасаушылар сәйкес әрекеттерді біріктіру және ниетті ең тиімді жолмен орындайтын байткодты жасау үшін ортақ желі күйін талдайды.

  • Тексеру: валидаторлар жарамды күй ауысымдарын растай отырып, оның дұрыс және қауіпсіз орындалуын қамтамасыз ету үшін тармақталған блокчейн күйлерінде ұсынылған байткодты модельдейді.

  • Шешімді таңдау: желі барлық жарамды шешімдерді салыстырып, ең жақсы нәтижелі және ең төмен құны бар шешімдерді таңдап, қалғандарын жояды.

  • Орындау: үздік шешім қолданушыға тікелей орындау үшін қайтарылады. Байткодқа енгізілген орындау алымы ENSO токені түрінде аукцион жүйесі арқылы граф жасаушылар, валидаторлар және әрекет провайдерлерін марапаттау үшін таратылады.

Пайдалану жағдайлары

Орталықтандырылмаған және ауқымды деректер сақтауды қажет ететін қолданбаларға қолдау көрсету үшін Walrus протоколын басқа блокчейндермен біріктіруге болады, соның ішінде:

  • DEX және агрегаторлар: Enso қарапайым «zap» құралдарының көмегімен өтімділік ұсыну барысындағы кедергілерді азайта алады, осылайша пайдаланушылар өз позицияларын оңайырақ ауыстырып, өтімділікті оңтайландыра алады. 

  • Әмиян: Әмиян платформалары Enso жүйесін пайдаланып, токендерді бірқалыпты айырбастау, кроссчейн аударымдар және DeFi табыс мүмкіндіктеріне тікелей қол жеткізу қызметтерін ұсына алады, осылайша пайдаланушылардың активтері үнемі өнімді күйде сақталады.

  • Стейблкоиндар: жобалар бір бастаудан шыққан токендерді өндіріп, оларды блокчейндер арасында көпір арқылы қауіпсіз байланыстыра алады. Бұл кіріс әкелетін стейблкоиндарды бірнеше желіде бөлек келісімшартты пайдаланбай іске қосуға мүмкіндік береді.

  • Қойма депозиттері: платформалар кез келген токенді депозит ретінде қабылдап, капиталды өз экожүйесінде сақтау және пайдаланушылардың қатысу деңгейін арттыру мақсатында қоймаларды көшіру процесін жеңілдете алады.

  • Маркет-мейкерлер: Enso жүйесі DEX маркет-мейкингін, арбитражды және өтімділік пулын қайта теңестіру процесін автоматтандыра алады. Оның нарық жағдайларына қатысты автоматты жауаптары капитал тиімділігін арттыруға көмектеседі.

ENSO токені

ENSO – Enso протоколының нативтік токені, оның максимум саны – 127 339 703 токен. Ол уақыт өте келе бірте-бірте төмендейтін және он жылдан кейін толығымен тоқтайтын бақыланатын инфляция кестесін ұстанады. Ол экожүйеде көптеген мақсатта қолданылады, оның ішінде:

  • Басқару: ENSO иелері протокол жетілдіру және смарт келісімшартты жақсарту бойынша дауыс беру үшін өздерінің токендерін стейкингке сала алады. Дауыс беру стейкинг сыйақыларын қамтамасыз етпейді және ұсыныстар жүзеге асырылмас бұрын кворумға жетуі тиіс.

  • Қауіпсіздік: ENSO токенін жүйе тұтастығын қамтамасыз ету және желіні тексеру үшін стейкингке салуға болады. Валидаторлар деректердің дәлдігін растау үшін стейкинг дәлелі (PoS) механизмін және имитациялау құралдарын пайдаланады. 

  • Өкілдік беру: ENSO иелері өздерінің стейкингке салынған токенін валидаторға өкілдікке беріп, валидациядан түскен табыстың бір бөлігін ала алады. Бұл пайдаланушыларға валидациялық бағдарламалық жасақтаманы өздері іске қоспай-ақ, желі операцияларын қолдау және оның сыйақыларын бөлісіп алу мүмкіндігін береді.

Binance ходлер эйрдроптарындағы Enso (ENSO)

2025 жылдың 14 қазанында Binance компаниясы ENSO токенін Binance ходлер эйрдроптарындағы 52-жоба ретінде хабарлады. 7-9 қазан аралығында өздерінің BNB активтерін Simple Earn және/немесе Ончейн кірістер өнімдеріне жаздырған пайдаланушылар ENSO эйрдроптарын алуға құқылы болды. Бағдарламаға барлығы 1,75 миллион ENSO токені бөлінді, бұл жалпы токен ұсынысының 1,75%-ын құрайды.

ENSO токені сид-тегпен тізімге енгізіліп, USDT, USDC, BNB, FDUSD және TRY жұптарында сауда жасауға мүмкіндік береді.

Қорытынды ойлар

Enso әзірлеушілерге әртүрлі блокчейн арасында қолданбаларды құруды және қосуды жеңілдету үшін жасалған. Ниет негізіндегі сұрауларды ортақ желілік күймен біріктіру арқылы протокол пайдаланушыларға қалаған нәтижесін сипаттауға мүмкіндік береді, ал желі оған қол жеткізу жолын іздейді. Протокол блокчейнде байткодты жасау және тексеру үшін әрекет провайдерлерін, граф жасаушыларды және валидаторларды біріктіреді. Бұл қолмен интеграция жасау әрекеттерін азайтып, смарт келісімшарттар арасындағы желіаралық өзара әрекеттесуді жақсартады.

Қосымша оқитын материалдар

Жауапкершіліктен бас тарту туралы мәлімдеме: бұл контент сізге «сол қалпында» тек жалпы ақпарат және білім беру мақсаттарында, ешқандай мәлімдемесіз немесе кепілдіксіз ұсынылады. Ол қаржылық, құқықтық немесе басқа кәсіби кеңес ретінде қабылданбауы керек, сондай-ақ қандай да бір нақты өнімді немесе қызметті сатып алуды ұсынуға арналмаған. Кеңесті тиісті кәсіби кеңесшілерден алуыңыз керек. Осы мақалада берілген өнімдер аймағыңызда қолжетімді болмауы мүмкін. Мақаланы үшінші тарап қатысушысы жазған жағдайда, айтылған пікірлер үшінші тарап қатысушысына тиесілі екенін және Binance Academy пікірін білдірмейтінін ескеріңіз. Қосымша мәліметтер алу үшін біздің жауапкершіліктен бас тарту туралы мәлімдемеміздің толық мәтінін оқыңыз. Цифрлық активтердің бағасы тұрақсыз болуы мүмкін. Инвестицияңыздың құны төмендеуі немесе жоғарылауы мүмкін және инвестицияланған соманы қайтара алмауыңыз мүмкін. Инвестициялық шешімдеріңізге тек сіз жауаптысыз және Binance Academy сізде туындауы мүмкін шығындар үшін жауап бермейді. Бұл материал қаржылық, құқықтық немесе басқа кәсіби кеңес ретінде қабылданбауы керек. Қосымша ақпарат алу үшін Пайдалану шарттары мен Тәуекел туралы ескертуді қараңыз.