Менің Binanceтегі ең жақсы жеңісім үлкен ақша емес. Менің қатыса алатын конкурстардың бәріне қатысуға тырысатыным.
CreatorPadтағы конкурстарға үнемі қатысамын. Жазамын, тырысамын. Бір-екі рет жеңіп те алдым - өте қуандым, мотивация берді. Бірақ мәселе бар: жазылушыларым әзірге аз. Сондықтан контент жақсы болса да, топқа шығу қиын.
Аудитория жинау үшін үнемі талдау жасап, жариялап, қызықты нәрселер жазып отыру керек екенін білемін. Бірақ қазір маған уақыт пен күш жетпейді. Сол үшін осыны жүйелі істейтін адамдарға қатты қызығамын - шынымен керемет жұмыс, үлкен шыдамдылық керек.
Бәрібір мен әр жолы кіріп қатысамын. Процесс өзі қызық. Басқалардың әңгімелерін оқисың, үйренесің, жаңа нәрселерді сынап көресің. Жеңбесең де тәжірибе аласың.
Сонымен менің басты жеңісім - мен әлі де қатысатыным. Осындай мүмкіндіктер үшін Binance-ке рахмет.

